Scorpions в Алматы

Лондонның Корольдік музыка академиясының түлегі Асель Абилсеитова «Классика в сердце!» концертін ұсынады. Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария, Франция сынды елдердің үздік сахналарында өнер көрсетіп, классикалық музыканың талғампаз тыңдармандарын тәнті еткен Асель Абилсеитованың концерті 2019 жылғы 20 сәуір күні сағ.19.00-де «Qazaqstan» ОКЗ өтеді.

Ерекше форматта ұсынылатын бұл концертте көпшіліктің сүйікті әуендеріне айналған К. Дебюсси, Ф.Лист, Н. Метнер, А.Нуркенова, А.Пьяцолла және С.Прокофьев сынды композиторлардың шығармалары орындалмақ.

Ұмытылмас өнер кешінде тыңдарман қауым музыканттың жоғары кәсіби шеберлігімен қоса, жас суретші Мерле Карптың (Финляндия) арнайы дайындаған қайталанбас бейнеинсталляцияларына куә бола алады. Сондай-ақ концертте халықаралық байқаулардың, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты, виолончель аспабының нағыз шебері Ермек Курманаев өнер көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласының төріндегі «Қазақстан» ОКЗ сахнасында Асель Абилсеитованың асқан талғампаздығымен іріктеліп, тек таңдаулы классикалық әуендер орындалатын концерт Жастар жылы аясында өтпек.