Hassaknama 2 «Ansau»
Өтетін орны: Алматы қаласы, Республика сарайы
Күні: 10 шілде
Уақыты: 19:00
Ұзақтығы:
Қосымша: назар аударыңыз! Республика сарайына кіру қатаң түрде және Ashyq қосымшасының көмегімен жүзеге асырылады.
Этно-фольклорлық топ HasSak сіздерді біздің көптен күткен 3-ші альбомымыздың шығуына орай, оффлайн форматтағы концертімізге қуана шақырамыз!
HasSak этно-фольклорлық тобы 8 жыл бойы қазақтың дәстүрлі музыкасын халықаралық аренада ұсынып, өз тыңдаушыларын табиғаттың таңғажайып дыбыстарымен, және ұлттық аспаптардың алуан түрлерімен таң қалдырып келеді. Осы уақыт аралығында HasSak шығармалары әлемнің түкпір-түкпірінде ойналды, әсіресе Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қытай, Әзірбайжан және Ресей елдерінде фаворит атанды. Топ әртүрлі музыкалық фестивальдар мен көптеген байқаулардың жеңімпаздары. 2019 жылы, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен фестивалінде, HasSak 100-ден астам елдің қатысушылары арасында үздік атанып, «Этно Музыка» номинациясында гран-при жеңіп алды.
Біздің 3-ші CD-дегі жаңа туындыларды алғашқылардың бірі болып естіңіздер!
Бізбен бірге этно-фольклорлық музыканың сиқырлы атмосферасына еніңіздер!