rebranding

ЕСТЕЛІК ПАРАҚТАРЫ (Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына орай)

РахманиновӨтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 30 қараша, 2023

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының FORTE-TRIO ҚР мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына арналған «Естелік парақтары» концертін ұсынады.

FORTE-TRIO-ның барлық музыканттары – танымал әртістер, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.  

FORTE-TRIO аспаптық музыка сүйер қауымды өз өнерлерімен үнемі қуантудан танған емес, жаңа бағдарлама да ұлы орыс классик композиторына деген құрметтің белгісі болмақ.

БАҒДАРЛАМАДА:

С.Рахманинов. Фортепиано, скрипка және виолончельге арналған №2 элегиялық триосы, ре минор, op. 9

С.Рахманиновтың вокалдық шығармалары

ОРЫНДАУШЫЛАР:

  • Галина Чеплакова (сопрано)
  • Медет Чотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)
  •  

«FORTE TRIO» ҚР мемлекеттік триосының құрамы:

  • Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано)
  • Мақсат ЖҮСІПОВ (скрипка)
  • Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель)

Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.