Scorpions в Алматы
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Анашым (2024)

Шығарылған жылы: 2024

Дистрибьютор: Cinematic

Өндіріс елі: Қазақстан

Режиссері: Назар Шархан, Данияр Амангелдиев, Әнуар Бекмурзаев

Басты актерлер: Назар Шархан, Моника Абдрахманова, Нұржамал Әбілқияқызы, Марлен Арымбай

Жанр: драма, комедия

Ұзақтығы: 80 минут

Жас шектеуі: 14+

Премьера күні: 7 наурыз, 2024 жыл

 

Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын төрт әйелдің өмірінен алынған, бір күлдіріп, бір мұңайтатын оқиғалар. Оларды ортақтастыратын не? 
Қалада табысты бизнесін құрған Жанна кенет туған ауылындағы жер телімі мен малдың мұрагері болды. Гүлзия апайдың мұраты жұмыс деп жан-жаққа шашыраған бала-шағасының басын қосу. «Әркімнің тағдыры жазған қосағы бар дейді, мен болсам әлі жалғызбын. Мүмкін менің жұбым адасып кеткен шығар, әлде мен адастым ба екен» деген Айжан махаббатын күтуден шаршаған сыңайлы. Жанат бір кезде арманшыл жан еді. Қазір оның арманы да, күш-қуаты мен қамқорлығы да тек балалары мен төрт түлік малы төңірегінде. Өмірде түрлі жағдай болады, қиындықтар да кездесіп тұрады. Соған қарамастан кейіпкерлеріміздің әрқайсы махаббатын, өмірге деген құлшынысы мен үмітін жоғалтпаған. Фильм қиырдағы ауыл мен қаланың қым-қуыт өмірін байланыстырады, ал негізгі шешуші сәттерде қиындықты жеңіп шығуға махаббат мен адамгершілік көмектеседі. 
Әр кейіпкер өз қиындығын, қуанышын айтып береді, сырлы оқиғалар бізге махаббаттың, өзара қолдау мен үміттің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.