Русский драматический театр в Костанае
101 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

ÖzgeMusic - MTV Greatest hits Алматы қаласында

«MTV - Greatest hits» - көңіл толқынына баурайтын керемет концерт! Кезінде тағатсыздана күткен мектеп би кештері естеріңізде ме? Отбасыңызбен бір көлікте, пойызда ұзақ сапарлар ше? Осы кездерде жүректерімізге жайлылық сыйлап, есімізде берік қалған жағымды атмосфераларды не тудыратын еді? Әрине, ол музыка. Өткен кездерде біз CD, Мp3 плеерлерінде, магнитофондарда немесе компьютерлерімізде Winamp қолданбасы арқылы тыңдаған дәл сол музыка. Ұзақ уақыт компьютер жадында жинақтаған біздің сүйікті әндеріміздің бейнебаяндарын айтсаңызшы... Осы эмоциялардың барлығын біз сіздерге сыйлағымыз келеді. Әрқайсымыз армандаған концерт! Талантты вокалистер, рэперлер және үлкен симфониялық оркестрдің орындауындағы 90-шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басындағы ең үздік, шетелдік хиттер!

Бұл кештің естен кетпес болары сөзсіз! 

Жастық шақтың әндерінің жанды орындалуын бірінші болып тыңдаңыздар! Уайымсыз жастық шағыңызға апаратын музыка сиқырына бөленіңіздер. Біз сіздерге керемет көңіл күйді қуана-қуана сыйлайтын боламыз, жұптарыңызбен, достарыңызбен, аға-әпкелеріңізбен бірге келіп, бақытты естеліктерге апарар концертке келіңіздер!