Репертуар театра кукол Костанай

Өмірқұл Айниязов - Нағыз қазақтың ұлымын

Мен, Өмірқұл Өтегенұлы Айниязов- «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығы иегері, 2000 жылдан бері ұлттық өнеріміздің кеңінен насихатталу жолында мәртебелі марапатқа ие болып жүрген Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының аға буын әншісімін. 

Шығармашылық жолымда қазақтың дәстүрлі ән-жырларын, қазақ композиторларының шығармаларын қайта өңдеп, халық әндері мен термелерін жаңаша үлгіде сахна төріне шығарып, әнсүйер қауымның алғысын алып келемін. Репертуарымда қазіргі заманауи әндер де баршылық. 

Отан, туған жер, ауыл туралы, махаббат тақырыбында «Қазақстаным», «Еркесай», «Бір шәугім шәй» деген әндерге түсірілген бейнебаяндарым мен «Елім, елім-ай», «Байтақ елім», «Ақжайнақ» сияқты көптеген әндерім халыққа етене таныс. 

Қазақ өнерін дәріптеу жолында Эстония, Таллин, Мәскеу, Греция, Швеция, Корея, Қытай, Моңғолия, Түркия сияқты басқа ел қалаларында да мәдени құндылығымызды паш етіп, үздік сахналарда өнер көрсеттім. 

Сіздерді 30 мамыр күні, сағат 19:00-де Республика сарайында «Өмірқұл Айниязов - Нағыз қазақтың ұлымын» атты шығармашылық кешімде күтемін. Келіңіздер, рухани кештің куәсі болыңыздар!