ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қостанай
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Етік киген мысық»

«Етік киген мысық»

Сипаттама

Цезарь Кюи

«Етік киген мысық»

Ертегі-опера

Либретто авторы Шарль Перроның ертегісі желісімен Марина Поль

Ұзақтығы 50 минут

Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

ЕРТЕГІ-ОПЕРА ТУРАЛЫ:

«Етік киген мысық» әйгілі француз жазушысы әрі ақыны Шарль Перроның ертегісі. Ол 1697 жылы 320 жыл бұрын жарияланған, оның «Сказки матушки Гусыни» атты танымал жинағына енген!

Бірде диірменшінің ұлдарының біріне мардымсыз мұра: мысық пен бірнеше бақыр ақша (тиын) қалғаны туралы хикаяны барлығы білетін болар. Мысық өте ақылды әрі адал дос болып шығады, ол жай ғана өзіне етік сатып алуды өтінеді, расында бозбаланың соңғы ақшасына. Кейін мысық асқан ептілік танытады, оңай-ақ жолын тауып, қожайынын маркиз етеді және патша қызына үйлендіреді.

Опералық спектакль жанрындағы «Етік киген мысық» ертегісінің ғажайып әуендерге толы музыкасын орыс композиторы Цезарь Кюи жазған. Аталмыш операның шыққанына аз уақыт өткен жоқ жүз жылдан асты, ол 1912 жылы жазылған. Театр сахнасында Ресейде емес, Италияның Рим қаласындағы «Кішкентайларға арналған театрда» (қуыршақ театры) 1913 жылы алғаш рет қойылды. Опералық «Етік киген мысық» көпшілікке қуыршақ спектаклі ретінде ұсынылып, зор табысқа кенелді, қатарынан 50-ден астам аншлагпен өтті.

Ал 2013 жылы «Етік киген мысық» ертегісінің Женева операсы сахнасындағы премьерасы алғашқы қойылымның жүз жылдығына орайластырылды.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, МИМАНС ӘРТІСТЕРІ, БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:

Жаңа музыкалық редакция авторы Әлихан Ыдырысов

Қоюшы дирижер Элмар Бөрібаев

Қоюшы режиссер Еренбақ Тойкенов

Сценограф Малика Төлегенова

Костюмдер бойынша суретші Дариға Тайшықова

Проекциялар бойынша суретші Азамат Құттығожин

Жарық бойынша суретші Сергей Кулак

Балалар хорының жетекшісі Алтынғаным Ахметова

Опера труппасының директоры Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жобаның техникалық жетекшісі Виктор Караре

Жоба жетекшісі Маржан Жәкенова

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал)

  • Күні

    26-27 желтоқсан 2024

  • Уақыты

    19:00

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 26
      Желтоқсан
      Бейс
      Astana Opera
      Камерный зал
      бастап 4000
      бастап 4000
    • 27
      Желтоқсан
      Жұм
      Astana Opera
      Камерный зал
      бастап 4000
      бастап 4000