Афиша кино в Костанае

«Қарақат» мектеп-студиясына 5 жыл

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында қызмет ететін өнім беруші «Қарақат» мектеп-студиясы 2019 жылдың Мамыр айынан бастап жұмыс жасап келеді. 

Мектепте: 
1) Жетіген 
2) Дәстүрлі ән
3) Домбыра 
4) Эстрадалық вокал 
5) Вокалдық ансамбль 
6) Актерлік шеберлік 
7) Пернелі аспап Үйірме түрлері бар.

Осы уақытқа дейін мемлекеттік шығармашлық тапсырыс аясында Қарақат мектебі көптеген концерттер мен іс-шаралар өткізді. 

«Zhuldyz ART KAZAKHSTAN», «Бала Шабыты», «Атадан Мұра», «Jas Daryn», «Шабыт", «Таланты Казахстана», «Daryndar Alemi», «Шабыт Шыңы» атты Халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып Шет елдерге жолдама ұтып алды. 

Қазіргі таңда мектебімізде 150ден аса шәкірттер дәріс алып, 10 мұғалім қызмет атқарып жатыр.