ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Конаев
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Жизель (AstanaOpera)

Жизель (AstanaOpera)

Сипаттама

Адольф Адан

«ЖИЗЕЛЬ»

Екі бөлімді балет

Хореография авторлары Жан Коралли, Жюль Перро, Мариус Петипа

Оқиға негізінде орман перілері туралы аңыз жатыр. Бұл бақытсыз махаббат салдарынан қайтыс болған елес қыздар, олар ендігі жерде жас жігіттерден кек алуда. Некеқияр көйлектерін киген қыздар оларды есінен танып құлағанша шыр айналдырып билетеді. Француз әдебиетшісі Теофиль Готье бұл аңызбен неміс романтигі Генрих Гейненің жазғаны бойынша танысқан. Олар сценарист Жюль Сен-Жоржбен бірге «Жизельдің» сюжетін санаулы күндер ішінде ойлап табады. Адольф Адан партитураны бар болғаны үш аптада аяқтаған. Хореограф ретінде хас шебер Жан Коралли мен жас Жюль Перро шақырылды.

1841 жылдың 28 маусымында париждік Гранд-операда өткен тұсаукесерінен кейін, «Жизель» балет өнерінің айтулы жетістігіне айналды. Әсерлі сюжеті мен хореография арасындағы өзара тамаша үндестігі «Жизельдің» жолын ашып, болашағын жарқын етті. Ең алдымен, балеттің Ресейде бағы жанды. 1850 жылдары Петерборда балет өзінің авторларының бірі Жюль Перроның қарамағында болып, одан әрі жетілдіріледі. Алайда, би көріністерінің түпкілікті өзгертулері хореографияның үшінші авторы атанған Мариус Петипаға тиесілі.

Жизель партиясының тұңғыш орындаушысы Карлотта Гризи болған, әр кездері аталмыш рөлде Тамара Карсавина мен Анна Павлова, Ольга Спесивцева және Галина Уланова, Наталия Бессмертнова, Алтынай Асылмұратова… сияқты атақты балериналар билеген.

«Жизельдің» сюжеті анық әрі жинақы: екі бөлім қос әлемді суреттейді арман мен қатал өмірдің қарама-қайшылығын көрсететін шындық пен қиял-ғажайып дүние.

«Жизельдің» басты байлығы оның хореографиясы. Суреттеу құралдарының ішінде арабеск басым бұл классикалық бидің әдемі бір түрі. Перілер патшалығын бейнелейтін жаппай көріністердің хореографиясы көрермендерді әрдайым баурап алады. Талғам, сән және уақыт үнемі ауысып отырса да, «Жизель» әрқашан сұранысқа ие болып қала бермек.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Жизель Мәдина ӨНЕРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ

Альберт Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ

Мирта София ӘДІЛХАНОВА / Амина КИСЕМБАЕВА

Ганс Қуат КӘРІБАЕВ / Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ

Берта Инесса КОТЛОБАЕВА / Алина ХАЛИМОЛЛА

Вильфрид Олжас ӘНУАРБЕК / Аспан БЕКБАЙ (дебют)

Батильда Алина ХАЛИМОЛЛА / Әсел КЕНЖЕБЕКОВА

Герцог Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ

Кіріспе па-де-де Мөлдір ШӘКІМОВА, Рустам ЧАХАЛОВ /

Алина ЗЫРЯНОВА (дебют), Ақбар ИМИНОВ (дебют)

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ ЖӘНЕ ОРКЕСТРІ

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП

Қоюшы балетмейстер Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер Арман Оразғалиев

Дирижер Руслан Баймурзин

Қоюшы сценограф Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино

Жарық бойынша суретші Винченцо Рапони

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    25-26 мамыр, 2024

  • Уақыты

    18:00

  • Ұзақтығы

    2 сағат 10 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 25
    Мамыр
    бүгін
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000
  • 26
    Мамыр
    ертең
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000