Халық кадрилі
Сипаттама
Екі қожайынды бір үйде көрші болып Саня Арефьев Валя атты әйелімен және Николай Звягинцев Лида есімді әйелімен тұрады екен. Бір күні көрші әйелдер кімнің күйеуі күштірек екенін анықтап, дәлелдеу үшін олардың орнын ауыстыруды шешеді. Олардың мақсаты - көршінің күйеуі өзіңнің күйеуіңнен жақсырақ екенін дәлелдеу. Көршінің әйелімен бір пәтерде қалған еркектер ойынның шектен тыс шығып кеткенін аңғарады, алайда бұл іс өз жалғасын табуы міндетті еді. Осындай ойында дұрыс қадам жасауға Купидоннан басқа кім көмектесер? Бұл күлкілі, ебедейсіз, тіпті шындыққа жанаспайтын оқиға тұрғындардың тұрмыс айнасы айқара ашылған шағын кентте орын алып, ерлі-зайыптылардың өмір салтына салынған бір сынақ болды.
В.Гуркиннің өмірдегі мәселелер мен орта жастағы дағдарыс туралы әңгімелейтін «Халық кадрилі» лирикалық комедиясы юмор, бейқамдық, ойыншылдықты, сонымен қатар жан дүниенің тереңдігі мен өмір шындығын көркем үйлестіреді.
PS. Купидон - ежелгі рим мифологиясында махаббат құдайы, тағы бір есімі - Амур
Өтетін орны
М. Горький атындағы ГРДТ сахнасы, Желтоқсан көшесі, 13
Авторы
Владимир Гуркин
Премьера күні
4 ақпан 2022 ж
Қоюшы-Режиссер
Евгений.Гельфонд (Челябинск қ., РФ)
Қоюшы-суретші
Елена.Гельфонд (Челябинск қ., РФ)
Балетмейстер
Анна Смольникова (Челябинск қ., РФ)
Жанр
лирикалық комедия
Ұзақтығы
2 сағат, 15 минут 1 үзіліспен
Жас шектеуі
16+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 16МаусымЖексТеатр драмы им. Горького (Астана)Большой залбастап 4000бастап 2000бастап 2000