Lion king
Өтетін орыны: NOMAD CITY HALL концерттік залы, Астана қ, Мәңгілік ел көш, 55/2, B2-3
Премьера күні: 11 сәуір 2021 жыл
Авторы: Ирен Меччи, Джонатан Робертс, Линда Вулвертон
Қазақ тіліне аударған: Әсем Қойшиева.
Режиссёрі: Еңілік Айымғазы
Суретші: Айнұр Есболатова
Музыкасын өңдеген: Ауғантай Иса
Музыкамен көркемдеген: Ернұр Балапанов.
Іс-шара ұзақтығы: 1 сағ 40 мин
Жанр: ертегі
Жас санаты: 5+
Қосымша: 19:00-ден кешіккен көрермендер театрға жіберілмейді!
DISNEY-дің алтын классикасына жататын «Арыстан патша» ертегісі барша әлемге әйгілі. Тақ иегері, ақкөңіл сәби Симбаның дүние есігін ашқанын түгел аң патшалығы асыға күтті. Қуанбаған бір ғана жануар – ағасы Шрам. Өзінің туғанына опасыздық жасау арқылы билікке келген Шрамның дәурені қалай болмақ? Симба іштегі өкініш пен үрейін жеңіп, әкесінің аманатын, даңғал жолын жалғастыра ала ма?