rebranding

«7». Тұсаукесер!

«7» - шынайы оқиғаға негізделген тәжірибе қойылымы.

Қойылым әр түрлі елдерден келген әйелдер жасаған дүрліктіргіш қылмыстар туралы жеті әңгімені қамтиды. Қойылым барысында көрермендер кейіпкерлердің қайсысын кешіретінін, ал кімді қоғамнан қудалайтынын шешуі керек.

Біздің шығармашылық зерттеуіміздің басты мақсаты - адамның қылмыс бел буатын негізгі себептерін іздеу. Әрбір жағдай - маңызды және талқылауды қажет ететін өзекті мәселелердің тұтас тізбегі.
Назар аударыңыздар! Қойылымда ауыр эмоцияларды тудыруы мүмкін қайғылы және қатыгез оқиғалардың егжей-тегжейлі сипаттамасы орын алады. Егер бұл сіз үшін қолайсыз болса, біз репертуарымыздан басқа қойылымды таңдауды ұсынамыз.

Спектакльдің авторлары кейіпкерлердің іс-әрекеттерін қолдамайды және ақтамайды, шындықты нақты құжаттап, еш әрекеттерге үндемейді және ештеңе насихаттамайды. Көрермендерге осы туралы бірге пікір айтуды ұсынады.

Рөлдерде:

Қамалған № 1 - Светлана Федоренко

Қамалған № 2 - Светлана Потемкина

Қамалған № 3 - Валентина Гронская

Қамалған № 4 - Ольга Цветкова

Қамалған № 5 - Алена Звонова

Қамалған № 6 - Ирина Егорова

Қамалған № 7 - Ирина Немцева

Бастық - Әзиза Зейнешева-Марычева