ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Көкшетау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Біржан – Сара»

«Біржан – Сара»

Сипаттама

«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Мұқан Төлебаев

«Біржан Сара»

2 бөлімді опера

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)

Либретто авторы Қажым Жұмалиев

ЖАҢА МУЗЫКАЛЫҚ САХНАЛЫҚ РЕДАКЦИЯ

«Астана Опера» театрының басты сахнасында ұлттық өнеріміздің бетке ұстар шығармасына айналған Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сара» операсының жаңа музыкалық-сахналық редакциясы көрсетіледі.

Қоюшы режиссер Асхат Маемиров, режиссердің кеңесшісі Михаил Панджавидзе және қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин кейіпкерлердің бейнелерін жаңаша құрып, қазақ классикасын басқа қырынан оқуды ұсынады.

Жәрмеңке көрінісімен басталған опера бірден көрерменнің қиялына қанат бітіреді: мұнда дарынды халық зергерлері, шебер қолөнершілер, әккі саудагерлер, ат үстіндегі бүркітшілер және қанат бойымен жүрген епті жігіттер де бар! 3D-технологияны пайдаланудың арқасында табиғат пен тұрмыс көріністері жандана түседі. Көздің жауын алар костюмдер, сондай-ақ итальяндық хас шебер Серджио Металлидің бейнепроекциялары, ең бастысы тамаша музыка, солистердің керемет дауыстары мен үйлесімді оркестр үні көрерменге естен кетпес әсер қалдырары анық.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссер Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Кеңесші режиссер Михаил Панджавидзе, Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы суретшілер Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бас хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы хореограф Мукарам Авахри, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша дизайнер Серджио Металли

Жарық бойынша суретші Якопо Пантани

Қоюшы режиссердің ассистенті Еренбақ Тойкенов

Ескеруді сұраймыз: спектакльге жануарлар (жылқы) қатыстырылады

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    30 маусым, 2024

  • Уақыты

    18:00

  • Ұзақтығы

    2 сағат

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 30
    Маусым
    Жекс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000