Расписание кинотеатров Караганда

«ҮНДЕСТІК САЛТАНАТЫ»

«Қазақквартет шақырады» топтамасы

Концерт

«ҮНДЕСТІК САЛТАНАТЫ» 

(Ф.Шуберт, Д.Шостакович)

Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті өз тыңдармандарына камералық жанр классиктері Ф.Шуберт пен Д.Шостаковичтің шығармалары енген бағдарлама ұсынады.

Франц Шуберттің № 13 квартеті, ля минор (Rosamunde). Ғұмыр дариядағы кіршіксіз махаббат пен шынайы қуаныш, үмітсіздік пен жанға батар жалғыздық, асқақ мұратқа ұмтылу, саяхатты аңсау және тығырыққа тірелу – осының бәрі композитордың шығармашылығынан, оның табиғи әрі еркін әуелейтін әуендерінен көрініс тапты. Ол музыканы ән лирикасының жылуымен, табиғилығымен толықтырып, адамның сарқылмас рухани дүниесін аша түсті.

Квартет музыкасының өн бойынан әйелге тән нәзіктік, аңғалдық, талғампаздық пен сән-салтанат сезіледі. Бұл аспаптық «ән» шығармасының күші оның драматизмінде емес, лирикалық күйінің тереңдігі мен тұтастығында жатыр.