Репертуар театра им. Станиславского

«Accordion. Француз шансонынан аргентиналық тангоға дейін» Талғат Полатов концерті

Талғат Полатов концерті 

Accordion... «Француз шансонынан аргентиналық тангоға дейін»

Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты, аккордеон орындаушысы Талғат Полатов Ю.Жиро, Коломбо, Э.Пиаф, М.Легран, К.Гардель, Ю.Брамс, В.Брамс, А.Моцарт, Р.Гальяно және А.Пьяцолла сынды композиторлардың шығармаларын қамтитын бағдарламаны сіздердің назарларыңызға ұсынады.

Концерт бағдарламасы көп жанрлы болмақ - француз вальстары, еуропалық классиктердің шығармалары, танго орындалатын болады, ал егер танго болса, міндетті түрде Астор Пьяццолланың туындылары да орындалады. Сондай-ақ концертте біздің ұлы қазақ даласының композиторларының әуендері мен Талғат Полатовтың авторлық шығармаларын тамашалайтын боласыздар.

Концерт барысында Талғат Полатов сізге аккордеонның пайда болу тарихы мен оның қарапайым халық ойыншығынан бастап қазіргі заманғы академиялық аспапқа дейінгі жолын баяндап бермек.