Үміт үзгім келмейді (ЭКСПО)
Үміт үзгім келмейді
Авторы: Н. Келімбетов
Оқиғасы аурухана палатасында өтетін драманың бас кейіпкері, бүгінде жасы жетпісті алқымдаған Мейірбек бақыт туралы, өмірдің мәні туралы ойға шомады. Оның жақын достарымен өзара пікірталас-ой таратуларынан өзіндік дүниетанымдары, өмір ұстанымдары айқын танылады. Дәулет- жан дәулетімен, Асылхан – туған топырақтан ажырамаған хандығымен, Мейірбек – құдайдың өзі өлшеп берген азды-көпті өміріне ырзашылығы, қанағатымен дараланады. Достардың арасында өмірлік жолын, бәлкім, дұрыс таңдамаған Советбектің өкініші көп… Драмада адамгершілік, имандылық мәселелері көтеріледі.
Премьера: 16 қазан, 2008 ж.
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!