Репертуар театра им. Сейфуллина

«Музыка мәңгілік: ХIХ, ХХ, ХХI…» (Л.Бетховен, Д.Шостакович, Т.Мұхамеджанов)

2023 / 2024 К.Байсейітова атындағы камералық зал XІ маусым

8 қазан * жексенбі * 18.00

 

«Казақквартет шақырады» топтамасы

 

Концерт

«Музыка мәңгілік: ХIХ, ХХ, ХХI…»

(Л.Бетховен, Д.Шостакович, Т.Мұхамеджанов)

 

Ұзақтығы: 1 сағат 15 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті жаңа маусымда өз тыңдармандарына камералық жанр классиктері Л.Бетховен мен Д.Шостаковичтің шығармаларынан тұратын бағдарлама ұсынады, сондай-ақ дәстүр бойынша оған ұлттық музыка мәдениетінің көрнекті өкілдерінің туындысы енгізіледі – ұжымның осы концертінде бұл – Т.Мұхамеджановтың музыкасы.

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің жоғары шеберлік деңгейі лауреаттық атақтармен, халықаралық байқаулардың сыйлықтарымен және жүлделерімен бірнеше дүркін марапатқа лайықты деп танылды. Ұжымның шығармашылық қызметі жоғары баға алды: олар – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік марапатының иегері.

 

БАҒДАРЛАМА:

Л.Бетховен. № 7 ішекті аспаптар квартеті фа мажор ор.59/1

1. Allegro

2. Allegretto vivace e sempre scherzando

3. Adagio molto e mesto

4. Allegro. Theme russe

 

Граф Андрей Разумовскийге арналған.

 

Д.Шостакович. № 6 ішекті аспаптар квартеті соль мажор ор. 101

1. Allegretto

2. Moderato con moto

3. Lento

4. Allegretto

 

Т.Мұхамеджанов. №1 ішекті аспаптар квартеті (Ғазиза Жұбанованы еске алуға арналады)

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар ТОҚТАЛИЕВ (1-ші скрипка)

Алексей ЛЕБЕДЕВ (2-ші скрипка)

Бекзат САЙЛАУБАЙҰЛЫ (альт)

Ернар МЫҢТАЕВ (виолончель)

 

Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.