Репертуар театра КАТМК

Latino Night Қарағандыда

Dybys Symphony ұжымы латын музыкасына көмкерілген Latino Night концертін испан гитараларының, аккордеондардың және оркестрдің орындауында ұсынады.

Сіздерге Астор Пьяццолла, Исаак Альбенис, Пако де Лусиа, Родриго мен Габриэла дуэті және басқа да атақты музыканттардың шығармашылығы паш етілмек. Құрметті тыңдармандарымыз, біз сіздерді 15 наурыз күні сағат 19:00-де «Шалқыма» концерт залында тағатсыздана күтетін боламыз.