ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты

Freedom Ticketon - сіздерге ойын-сауық дәуіріне жол ашатын билеттеріңіз!

«Тикетон» өзінің стилі мен бейнесін өзгертуге қадам жасады


Қымбатты достар! Билеттерді онлайн-сату нарығының көшбасшысы «Тикетон» компаниясы дамуының жаңа кезеңінің басталғанын жариялайтынын хабарлауға асықпыз. 2022 жылдың қыркүйек айында біз Freedom Holding Corp. экожүйесінің қатарына ендік. Экожүйе банктік, сақтандыру, брокерлік қызметтерді, жеткізу қызметтерін, гаджеттерді сату және басқа да бағыттардағы қызметтерді ұсынатын компаниялардың кең ауқымын біріктіреді.


Содан бері біз өзіміздің қызметімізді Freedom экожүйесімен интеграциялау бойынша қарқынды жұмыс атқарып келдік. Ішкі жағымыздан өзгертулерді сәтті түрде өткізгеннен кейін, сыртқы жақтан да өзгертулер енгізетін шақ келді.


Баршамызға үйреншікті болған көздің бейнесін өзгеріссіз сақтадық. Ендігіде ол Freedom Holding Corp. экожүйесінің корпоративтік түстеріне боялатын болады. Көз сөзден де жақсы сөйлейді, сондықтан сіздер экожүйенің шексіз мүмкіндіктерін өз көздеріңізбен тамашалай аласыздар!


Біздің логотипімізге Freedom деген жазу қосылады. Ол іс-шараларды, концерттерді, шоуларды, спорт түрлерін, өмір салтын таңдау еркіндігін білдіреді. Жанында қалқан түріндегі латын F әрпі бейнеленеді. Бұл экожүйенің жеке белгісі де, сіздің мүдделеріңізді қорғаудың белгісі де болып табылады.


Ticketon logo

Бұл өзгерістердің бәрі сіздер үшін нені білдіреді? Біз бүкіл Freedom холдингі үшін ортақ төрт артықшылықты дамытуға назар аударамыз: сенімділік, ыңғайлылық, инновациялылық және көшбасшылық. Біз өз қызметтеріміздің сапасын арттыру үшін одар әрі көп жұмыс істейтін боламыз. Жаңа жоғары технологиялық қызметтерді іске қосып, жарқын қызықты іс-шаралармен қуантуды жалғастырамыз.


Ендігі қызықтың бәрі алда!


banner