EXPO 2017
Әлемнің әйгілі көрмелерінің алғашқысы Foire de Saint Denis деп аталады.Бұл көрме Париж маңында өткен. Әлемнің алғашқы көрмесінің негізін 629 жылы Дагоберт король қалаған. Ал 710 жылы әлемнің осылай аталатын көрмесі әлдеқашан 700-ден астам көпестерді жинады.
XVIII-XIX ғасырлар аралығында Өнеркәсіпті төңкерістің өніміне айналған өндірістің дамуымен жәрмеңкелер пайдалы заттарды тікелей сату орындарынан олардың кең ассортиментін көрсететін орындарға айналды. Тауарлардың тек үлгілері ғана қойылып көрсетілді, сондықтан «әлем көрмелері» деген термин пайда болды.
Қазақстан 1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) мүшесі болып табылады және 2005 жылдан бастап EXPO-ға қатысады.
1998 жыл, Португалия, «Мұхит — болашақтың мұрасы»
2000 жыл, Германия, «Адам – табиғат – техника – жаңа әлемнің тууы».
2005 жыл, Жапония, «Табиғат даналығы»
2008 жыл Испания, "Су және тұрақты даму"
2010 жыл Қытай, “Жақсы қала – жақсы өмір”
2012 жыл Оңтүстік Корея, “Тірі мұхит және жағалау”
2015 жыл Италия, «Ғаламшарды қоректендіру, өмірге арналған қуат»
2017 жыл Қазақстан «Болашақ қуаты»