Google ad services
Шоу «Иллюзия обмана» в Нур-Султане

Гобой әуендері

9 ақпан 19.00 

«БАРОККО» музыка қонақжайы концерттер циклі (№2 концерт) 

«Гобой әуендері»

9 ақпанда «Барокко» музыка қонақжайы циклінің аясында «Гобой әуендері» атты концерт өтеді. «Қазақстанның алтын гобойы» деген құрметті атқа ие, атақты қазақстандық гобойшы Дәмиля Махпирова көрермендерге өз өнерін ұсынады. Концертке оның шәкірттері - ҚазҰӨИ оқушылары мен студенттері және «Астана Опера» камералық оркестрі қатысады. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мухитдинов.

Бағдарламада XVII-XVIII ғасырлардың композиторлары Иоганн Себастьян Бах, Томазо Альбинони, Антонио Вивальди және басқалардың гобойға арнап жазған шығармалары орындалады.

Гобой – қоңыр дауысты әрі әуезді музыкалық аспап, ағаш үрлемелі аспаптар ішіндегі ең күрделісі болып саналады.

Дәмиля Махпирова – «Астана Опера» симфониялық оркестрінің әртісі, гобойлар тобының консертмейстері. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі (1991), көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, ұстаз әрі дарынды орындаушы, Қазақстандағы ең үздік гобойшылардың бірі. Қазіргі уақытта концерттік жұмыстармен айналысып, ҚазҰӨУ-де шәкірттер тәрбиелеуде.

«Астана Опера» театрының камералық оркестрі.

Дирижері – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут