«Үн қатқан бейнелер»

2018 / 2019                    Камералық зал            VІ маусым

21 тамыз * сәрсенбі * 19.00

Фортепианоға арналған музыка кеші

«Үн қатқан бейнелер»

Әсел Әбілсейітова

2019 жылғы 21 тамызда «Астана Опера» Камералық залында бүгінгі таңда Қазақстан мен Еуропа сахналарында солист ретінде әрі камералық ансабль құрамында белсенді концерттік қызметін жүргізіп келе жатқан пианист Әсел Әбілсейітова концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді.

2010 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін тамамдаған Әсел Әбілсейітова Лондондағы Корольдік Музыка академиясына оқуға түсіп, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиясының иегері атанады. 2016 жылы ол Швейцарияның Базель қаласындағы Жоғарғы музыка мектебінде Өнер магистрі дәрежесін иеленді. Шетелде білім алу барысында Әсел Әбілсейітова заманымыздың танымал музыканттарының шеберлік сабақтарына қатысып, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария елдерінің түрлі сахналарында өнер көрсеткен.

 

БАҒДАРЛАМА:

К.Дебюсси. БЕЙНЕЛЕР. 1-ші дәптер:

Reflets dans l`eau (Судағы бейне),

Hommage à Rameau (Рамоға арнау),

Mouvement (Қозғалыс).

Т.Қажығалиев. №2, 3, 7, 8 романтикалық прелюдиялар

А.Нұркенова. «Туған жер»

 

Үзіліс

 

А.Сейілова. «Поэма» 

А.Сейілова. Caprichos

И.Альбенис. «ИБЕРИЯ» сюитасынан El Albaicin («Альбайсин»), 3-ші дәптер

А.Хинастера. Үш аргентиналық би,  ор. 2