Итальяндықтармен сауық кеш (КАТМК)

Шуфлери мырзаның үйінде бекітілген сауық кеште танымал итальяндық үш әншілер (сопрано, тенор және бас) өнер көрсетуі керек болған, алайда әншілер шұғыл түрде үйлеріне оралуы қажет болып қалғандықтан жоспар орындалмай қала жаздады. Шуфлери мырзаның Эрнестина атты қызы бар, ол кедей композитор Бонифасқа ғашық екен. Көркі қулығы мен ақылына сай Эрнестина әкесінің аборойын сақтау амалын тауып, өзін, әкесін және Бонифасты «итальяндық әртістер» кейпін танытуды ұсынады, ал есесіне қыз әкесінен өзін Бонифаспен атастыруын сұрайды. Шуфлери көнуге мәжбүр болып, ал ойластырылған «опералық авантюра» келген қонақтардың көңілдерінен сәтті түрде шығыпты.

Қонақтар алдында ойналған «опералық көріністің» оқиға желісінің өзі опералық штамптарға пародия болып табылады. Бұл пародия өте күлкілі және шебер жасалған, артық қосулар мен артық әзілдерсіз, пародия міндетті түрде қойылым жағынан да, музыкалық жағынан да көрермендерге ұнайтыны сөзсіз. Император Наполеон III-нің өгей ағасы, қойылым либреттистерінің бірі граф де Морни Оффенбахқа осы шағын опереттаның шығарма идеясын ұсынған екен. Бұл туынды Оффенбах қаламынан 1861 жылы жарық көрген. Бұл өте әсем, жарқын, жеңіл және өткір ойлы пьеса.