«Алтын алаң» Алматы қаласында
«Алтын алаң» музыкалық қойылымы - ұлы Батырхан Шөкеновтің өмірбаяны мен музыкасынан шабыт алған Алматы қаласы туралы ностальгиялық оқиға. Онда бұрынғы астананың мәдени сыры жасырынған: кең танымал орындар, маңызды тарихи оқиғалар, қаланың көрнекті тұлғалары.
Рөлдерді театр және кино актерлері Қуантай Әбдімади, Виктория Мұхамеджанова, Евгений Игнатов, сондай-ақ, Stages театрының барлық қойылымдарының режиссері Галина Пьянова сомдайды.
Қойылымда Диана Макина, Бауыржан Мусин, Ирэн Аравина, Әзиза Әбдрейм, сондай-ақ, алматылық джазмен және қойылым аранжировкасының авторы Виктор Хоменков тобының орындауындағы жанды музыка шырқалатын болады:
Виктор Хоменков - күйсандық
Эдуард Саршаев - саксофон
Александр Фишер - гитара
Рустем Заитов - бас
Құрманғазы Абдиллаев - синтезатор
Хасан Мацаев - соқпалы аспаптар
25 наурызда көрермендерді қойылым финалында керемет, көптен күткен кездесу күтіп тұр, бірақ әзірге бұл үлкен құпия!