Scorpions в Алматы

Жыр жазамын жүрегімнен

Жыр жазамын жүрегімнен

Өтетін орны: Астана қ., ҚР ҚҚ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫК ОРТАЛЫҚ, Республика даңғылы-2

Күні: 29 сәуір, 2023 жыл

Басталуы: 17:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

Қазақстанның халық артисі, музыка зерттеушісі, көрнекті композитор, әйгілі дирижер Ахмет Жұбанов пен КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғазиза Жұбанова қазақ музыка өнерінің ірі өкілдері. Саз саңлақтарының кез келген шығармаларының шоқтығы биік. Қос тұлға мәртебелі мәдениетпен, қасиетті қазақ өнерінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқаны әмбеге аян. Сәуір айының 29 күні, Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің А. Жұбанов пен Ғ. Жұбанованың шығармаларына арналған  «Жыр жазамын жүрегімнен» атты концерті өтетінін хабарлаймыз.             Кеш аясында Ахмет Жұбановтың «Абай» сьюитасынан I,II-ші бөлімдер, «Абай» операсынан Абайдың ариясы, «Би күйі», «Қайдасың», «Романс», «Көктем», «Ақ көгершін», «Жезкиік», «Қарлығаш», Ғазиза Жұбанованың «Ақсәуле», «Таутүрген таңы», «№1 квартет»  (I-ші бөлім), «Жыр жазамын жүрегімнен» сынды т.б шығармаларымен әсем әндері орындалады.                 Кешке, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ернар Мыңтаев, Азамат Жылтыркөзов, «Құрмет» орденінің иегері - Жанар Жүсіпова, Мәдениет саласының үздігі  Ботагөз Тәшімова, «Луиджи Керубини» консерваториясының музыка академигі дәрежесінің иегері - Саида Калыкова, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері Алтынбек Әбілда, «Bala time» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық студиясы балар хорының солисттері – Әмина Ауданғали және Жанұзақ Сұпығалиев (жетекшісі – Яна Чигарькова, хормейстер – Гүлмира Дарабаева), Халықаралық байқаулардың лауреаттары Шахризада Тыныштық, Алтынбек Арыстанбек, Шолпан Магұлова, Талғат Аллабиринов, Феруза Рахметова, Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті атсалысады.

Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және Бас дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор – Айтқали Жайымов. Дирижері - Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.