Мекен жайы: Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

Авторы: М.Байғұт

Жанр: драма

Қоюшы режиссері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер  Бекболат Құрманғожаев

Қоюшы суретші: ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре  Жұмақұлов

Жас санаты:

Қосымша:

 

Қадірлі Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді  8 сәуір күні сағат 14.00, 17.00 де М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасына шақырамыз! Желтоқсанның ызғарымен келген Тәуелсіздіктің қарапайым кейіпкері Жұрнақтың білім қуып Мәскеуге кеткендегі арманы – Қазақ елінің гүлденуіне өз үлесін қосу болатын. Махаббат пен мақсатын арқалаған Жұрнақтың елге келгенде алдынан үлкен төңкеріс қарсы алады. Кеңестік жүйенің темір құрсауы егемендікті аңсаған елді өз уысынан босатқысы келмеді.

Жұрнақ: «Біз қазақ... Ежелден ерекше иланғыш, бала мінезді, ақкөңіл екенбіз ғой... «Мәскеуді – Отанымыздың жүрегі» дегенге имандай иланатын да тек біз, қазақтар ғана секілдіміз..."

Кеңес үкіметінің темірқұрсауында болған қазақ елінің болашағы үшін күрескен қазақ жастарының жиынтық образы Жұрнақтың бұл сөзі – жетпіс жыл бойы қазақ ұлтының өзгеге сенген үмітінің күлі – көкке ұшқандағы жүрегін жарып шыққан, соры тамған ащы сөзі.

Драма  - Егемен елдің ерікті ұрпағына, кешегі тарихтың басты кейіпкерлері қазақ жастарының Тәуелсіздік жолында кешкен қасіретін баяндайды.

Қоюшы режиссері -  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер  Бекболат Құрманғожаев.

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері  Қалтөре  Жұмақұлов

Театрдың көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер  Бекболат Құрманғожаев.