Жизель (AstanaOpera)

Адольф Адан

«ЖИЗЕЛЬ»

Екі бөлімді балет

Ұзақтығы – 2 сағат 10 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Хореография авторлары Жан Коралли, Жюль Перро, Мариус Петипа

Оқиға негізінде орман перілері туралы аңыз жатыр. Бұл – бақытсыз махаббат салдарынан қайтыс болған елес қыздар, олар ендігі жерде жас жігіттерден кек алуда. Некеқияр көйлектерін киген қыздар оларды есінен танып құлағанша шыр айналдырып билетеді. Француз әдебиетшісі Теофиль Готье бұл аңызбен неміс романтигі Генрих Гейненің жазғаны бойынша танысқан. Олар сценарист Жюль Сен-Жоржбен бірге «Жизельдің» сюжетін санаулы күндер ішінде ойлап табады. Адольф Адан партитураны бар болғаны үш аптада аяқтаған. Хореограф ретінде хас шебер Жан Коралли мен жас Жюль Перро шақырылды.

1841 жылдың 28 маусымында париждік Гранд-операда өткен тұсаукесерінен кейін, «Жизель» балет өнерінің айтулы жетістігіне айналды. Әсерлі сюжеті мен хореография арасындағы өзара тамаша үндестігі «Жизельдің» жолын ашып, болашағын жарқын етті. Ең алдымен, балеттің Ресейде бағы жанды. 1850 жылдары Петерборда балет өзінің авторларының бірі – Жюль Перроның қарамағында болып, одан әрі жетілдіріледі. Алайда, би көріністерінің түпкілікті өзгертулері хореографияның үшінші авторы атанған Мариус Петипаға тиесілі.

Жизель партиясының тұңғыш орындаушысы Карлотта Гризи болған, әр кездері аталмыш рөлде Тамара Карсавина мен Анна Павлова, Ольга Спесивцева және Галина Уланова, Наталия Бессмертнова, Алтынай Асылмұратова… сияқты атақты балериналар билеген.

«Жизельдің» сюжеті анық әрі жинақы: екі бөлім – қос әлемді суреттейді – арман мен қатал өмірдің қарама-қайшылығын көрсететін шындық пен қиял-ғажайып дүние.

«Жизельдің» басты байлығы – оның хореографиясы. Суреттеу құралдарының ішінде арабеск басым – бұл классикалық бидің әдемі бір түрі. Перілер патшалығын бейнелейтін жаппай көріністердің хореографиясы көрермендерді әрдайым баурап алады. Талғам, сән және уақыт үнемі ауысып отырса да, «Жизель» әрқашан сұранысқа ие болып қала бермек.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Жизель –     Мәдина ӨНЕРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                     Айгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Альберт –    Эркин БАЗАРБАЕВ (дебют) /

                     Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Ганс –           Жақсылық САУҚЫМБЕКОВ / Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ

Мирта –       Камила ШАХМАНОВА (дебют) / Амина КИСЕМБАЕВА

Берта –         Инесса КОТЛОБАЕВА

Вильфрид – Аспан БЕКБАЙ / Олжас ӘНУАРБЕК

Батильда – Әсел КЕНЖЕБЕКОВА

Герцог – Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ

Кіріспе па-де-де –       Мөлдір ШӘКІМОВА, Рустам ЧАХАЛОВ /

                                      Алина ЗЫРЯНОВА, Ислам ҚАЙЫПБАЙ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ ЖӘНЕ ОРКЕСТРІ

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП

Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Дирижер – Элмар Бөрібаев

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.