ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Жас Абай

Жас Абай

Сипаттама

«Абайдың шыққпан биігі- Құнанбайдың иығы» Оқудан еліне асыққан бала шәкірттің ыстық сағыныш сезімі қайда жетелейтіні беймәлім. Өмірдің әр өткелінде қандай да бір шешімге тоқталу қажет екенін енді түсінген Жас Абай, әкесінің қатал үкімінен кейін қандай ой түймек? Жан-жақтан тиген соққы сөздер, жақын көрген адамдардың іс-әрекеттері, әсіресе әкесі Құнанбайдың барша қазақ жұртының алдында данышпан-Абай ретінде қалыптастыруында негізгі себеп болғаны анық. Оның жазып кеткен әр нақыл сөздері, жастарға үлгі-өнеге болар, терең ойға батырар шығармаларының жарық көруі Абай бойына сіңген ерекше ойлылық пен ақылдылық, білімпаздықтың арқасы деп білеміз. Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай Сәкен театрында сахналанған бұл спектакль тұнық ойлар мен ерекше көркемдік шешімдерге толы. Әсіресе, болашақ Хакім Абайдың сол кездегі ортасы бүгінгі күнгі Данышпан Абайдың өсу жолдары жақсы бейнеленген. Басты рольдердегі Құнанбай, әжесі Зере, анасы Ұлжан, халық өкілдері Сүйіндік, Бөжей, Байсал секілді сол заманның кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы жақсы мен жаманды, жалған мен ақиқатты көріп өскен Абай шын мәнінде Ұлы Даланың кемеңгері болуына үлкен себебін тигізеді. Сонымен қатар, Жас Абайдың махаббат сезімін оятқан сұлу табиғаттың аясындағы Тоғжанмен кездесу сәттері өте тамаша бейнеленген. Жас актерлер А.Жұмамұратов пен А.Амантайдың сомдауындағы Абай бейнесі мен С.Ташимбекова, Н.Тезекбаева, А.Асылбековалардың суреттеуіндегі Тоғжан мөлдір бұлақтай таза, еліктің лағындай әсем, көктемгі бәйшешектей құлпырған іс-әрекеттерімен көрерменді баурап алары сөзсіз.

Толық оқыңыз
  • Мекен-жайы

     Қарағанды, Бұқар жырау даңғылы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

  • Автор

     Т.Ибрагимов, М.Әбіл 

  • Премьера күні

    4-5 наурыз 2020 ж.

  • Қоюшы-режиссер

     ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов.

  • Қоюшы-суретшісі

     ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Е.Тұяқов.

  • Композитор

     ҚР Халық әртісі С.Мұхамеджанов.

  • Жанр

     драма

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз