rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Концерт «Жан жүрегім - Астана»

«Жастар» сарайы сүйікті астанамыздың туған күніне орай «Жан жүрегім – Астана» атты таңғажайып мерекелік концерт дайындады. Бағдарламада елордалық «Астана» эстрадалық-симфония оркестрі, «Серпер» домбырашылар ансамблі, ҚР Ұлттық ұлан Ерлер хоры өнер көрсетеді. «До Star» заманауи вокал мектебінің дарынды жас орындаушылары көрермендерді сазды әуенімен қуантып, концерттік бағдарламаның хореографиялық бөлімін «ТЕРРА» би театрының ұжымы ұсынатын болады.

Бағдарламаға Өнер Кулов, Татьяна Ким, Зарина Божакова, Әлібек Әлмәдиев сияқты халықаралық конкурстардың лауреаттары және «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының иегері Дәурен Төлеубаев қатысады.

Сіздерді бұл кеште әсем музыка, керемет вокал және әсерлі би өнері баурап алары сөзсіз. Мұнда заманауи өнер ұлттық құндылықтармен үйлесім тауып, мәдени және рухани ләззат алудың жаңа негізі қалыптасады.

Барша өнер сүйер қауымды 29 маусым күні сағат 20:00-де Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайының концерттік залында күтеміз.