ЖАН ПИДА
Сипаттама
Ғасырдан да ұзақ көрінгенімен, уақыт-ағзам алақанында пенде ғұмырының жарқ еткен сәулесі қас-қағым.
Жүректі жан үшін сол өлшеулі сәттің құны да, бағасы да теңдессіз. Әйтсе де өркениет өрістеп, құндылығы өзгерген бүгінгі біздің тым-тым қатыгездеу қоғамда адам жанына үңіліп, арман-мұңымен бөлісудің өзі қияметке айналып бара жатқаны жасырын емес.
Адам арманынан материалдық құндылығы басым түскен қоғамда кейде санаға сәуле құйып, ойға төңкеріс жасайтын шығармаға сұранады адам жаны. Әдебиет әлемінің үш бірдей суреткері туындысындағы тамыры үзілмес ортақ тінді режиссер осы ой биігінде сараптайды. Рухани құлдырау мен қағынан жеріген мәңгүрттердің әрқилы әрекетін, ұрпақ сабақтастығын сақтап қалу мен сол алтын көпірдің үзілмеуі мәселесін ортаға салады. Табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым қатынасты биік адамгершілік деңгейде көтеріп, оның мәңгілік ажырамас байланысына философиялық астармен қарауға үндейді.
Жарық дүниеде адамға не қиыншылық кездеспесін, ол кімнен қиянат көрмесін, бірақ, шындық мәңгі өмір сүреді. Адам туады, өледі, бірақ мәңгі-бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар...
...Армысың, Ақ кеме! Ақ кеме! Бұл жүзіп келе жатқан мен... Сенімен осылай қоштаса отырып, маған, сенің: «Армысың, ақ кеме! Бұл келіп тұрған мен ғой!» деген сөзіңді қайталау ғана қалды...
...Ал пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады...
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Әмірші: Сүндет СӘРСЕН
Мәңгүрт: Дәурен СЕРҒАЗИН
Иса Пайғамбер: Бахыт ХАДЖЫБАЕВ
Бала:Асылбек ӘЙТІШ
Понти Пилат: Жандаулет БАТАЙ
Бұғы ана: Айнұр РАХИПОВА
Едіге: Әділ АХМЕТОВ
Ақбота: Шехназа ҚЫЗЫХАНОВА
Ләйлә: Назерке СЕРІКБОЛОВА
Наурыз САБАҒАТОВА
Сәбитжан: Ербол ТІЛЕУКЕНОВ
Елдос ШАЙКЕНОВ
Күзетші: Елдос ШАЙКЕНОВ
Әбутәліп ӘМІРЕ
Қоюшы-Режиссер
Н.Жақыпбай, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері
Жанр
трагедия
Өтетін орны
Астана, к. И. Есенберлина, 10, Жастар Театры
Авторы
Ш. Айтматов
Премьерасы
Жас шектеуі
Ғасырдан да ұзақ көрінгенімен, уақыт-ағзам алақанында пенде ғұмырының жарқ еткен сәулесі қас-қағым. Жүректі жан үшін сол өлшеулі сәттің құны да, бағасы да теңдессіз. Әйтсе де өркениет өрістеп, құндылығы өзгерген бүгінгі біздің тым-тым қатыгездеу қоғамда адам жанына үңіліп, арман-мұңымен бөлісудің өзі қияметке айналып бара жатқаны жасырын емес. Адам арманынан материалдық құндылығы басым түскен қоғамда кейде санаға сәуле құйып, ойға төңкеріс жасайтын шығармаға сұранады адам жаны. Әдебиет әлемінің үш бірдей суреткері туындысындағы тамыры үзілмес ортақ тінді режиссер осы ой биігінде сараптайды. Рухани құлдырау мен қағынан жеріген мәңгүрттердің әрқилы әрекетін, ұрпақ сабақтастығын сақтап қалу мен сол алтын көпірдің үзілмеуі мәселесін ортаға салады. Табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым қатынасты биік адамгершілік деңгейде көтеріп, оның мәңгілік ажырамас байланысына философиялық астармен қарауға үндейді.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ
Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз