Қоян, түлкі және әтеш

«ҚОЯН, ТҮЛКІ ЖӘНЕ ӘТЕШ». (Г.Ландау)

Қоянның үйшігі қабықтан жасалған екен, ал Түлкінің үйі мұздан екен. Бір күні Түлкі жаурап, қоянның үйіне жылынуға сұраныпты. Алайда алдап, байқұс Қоянды үйінен қуып жіберіпті. Ит пен Аю Қоянға көмектесуге тырыспақ болады. Алайда ақырында тек Әтештің ғана Түлкіге шамасы жетіпті. 

Өнегесі мол ертегі. Классикалық драматургиялық материал. Театрдың алтын қоры. Бүгінде қойылым жаңа кейпіне және де қызықты өміріне ие болды деген үмітіміз зор!

Сіздерді театр төрінде тағатсыздана күтеміз!