2020 / 2021 Камералық зал VIII маусым
9 желтоқсан * сәрсенбі * 19.00
«Романс тарихы» топтамасы
«Ғажайып сол сәт әлі есте...»
2020 жылғы 9 желтоқсанда театрдың жетекші солистері орыс және шетел композиторларының вокалдық миниатюралары шырқалатын «Романс тарихы» атты жаңа топтама ұсынады. Топтама түп-тамырынан бастап осы уақытқа дейінгі романс жанры бойынша өзіндік шолу болмақ.
Бұл топтаманың әрбір концерті – көпқырлы романс жанрының ұшы-қиыры жоқ әлемін аша түсетін тұтас оқиға болады деп күтілуде. Алғашқы концертте доглинскинский кезеңіндегі орыс композиторларының және орыс ақындарының мәтініне жазылған М.И.Глинканың романстары шырқалады.
Бағдарламада – А.Алябьев, А.Гурилёв, А.Варламов, А.Даргомыжский, М.Глинка романстары және т.б.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)
Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)
Фортепиано партиясында – Тимур УРМАНЧЕЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут