Мен Марленмін
Савва Савельевтің Марлен Дитрих пен Константин Паустовскийдің тағдыршешті кездесуі туралы пьесасы, онда жарқын Екатерина Варнава мен Семен Штейнберг Голливуд жұлдыздарынан ауылдық тұрғындарға айналады. Бірде телестудияға, бірде үйшікке, бірде Оскар сыйлығын беру рәсіміне тап болажы. Өмір мен тағдыр, күйініш пен қуаныш, би, музыка, көп әзіл, одан да көп махаббат!
«Мен Марленмін» спектаклі - ХХ ғасырдың ең қорқынышты зұлымдығының алдында тізе бүкпеген, бірақ көзі көрмей қалған кеңес жазушысының көңіліне бағынған ұлы әйелдің өмірбаяны.
Савва Савельев, Екатерина Варнава, Семён Штейнберг
Көрермендерге қызықты құпиялар қазынасына айналатын саяхаттық қойылым.
Жылымықтың соңында 63 жастағы Голливуд жұлдызы Марлен Дитрих Кеңес Одағына гастрольдік сапармен келіп, Орталық Әдебиетшілер үйінің сахнасында жазушы Паустовскийдің алдында тізе бүгеді. Осы сәт суретке түсіріліп, ал бұл суреттің негізінде савва Савельевтің пьесасы мен спектаклі жарық көріп, XX ғасырдың кино жұлдызы мен Паутовский «Телеграмма» әңгімесіндегі Заборье ауылында тұратын ажал аузында жатқан қарт әйел арасындағы тағдырлық ұқсастық көзге түседі. Екі әйел, тым ұқсас екі тағдыр.
«Мен Марленмін» спектаклі Марлен Дитрихтың өмірі іспетті кинематографиялық сарынға толы. Өзінің кинокарьерасының гүлденуінде Дитрих Геббельспен ынтымақтастықтан бас тартып, Америка азаматтығын алып, үш жыл бойы майдандағы антифашистік коалицияның солдаттары алдында өнер көрсетеді. Ол Отанынан айрылып, соғыстың куәсі болып, оны қабылдамаған туған қаласына оралды. Савва Савельевтің «Мен Марленмін» пьесасы - XX ғасырдың ең елеулі сәттеріне нұр түсіретін және де өзінің маңыздылығын бүгін де жоғалтпаған Голливуд маржанының хикаясы.
Өнері көркіне сай Екатерина Варнава мен бірегей әртіс Семен Штейнберг бірден бірнеше рөлдерді сомдайды. Бір сәтте олар Голливуд сахнасының жұлдыздарынан қарапайым шаруа адамдарына айналып, бірде телестудияда, бірде үйшікте, бірде Оскар сыйлығын марапаттау рәсімінде тап болады. Қайғы-мұң, қуаныш, музыка, би, шексіз әзіл - бәрі жиылған. Және де, әрине, махаббаттың құдіретті күші! «Мен Марленмін» спектаклі - ХХ ғасырдың ең қорқынышты зұлымдығының алдында тізе бүкпеген, бірақ көзі көрмей қалған кеңес жазушысының көңіліне бағынған ұлы әйелдің өмірбаяны.
Сіздер нені сезінесіздер?
Saudade (Portuguese) - мұңды күйініш, ностальгия, арманшыл қайғы.
Hết sảy (Vietnamese) - шексіз қуаныш, ерекше жойқын сөздер; керемет, таңғалдырарлық; асқан тәжірибе.
Eleutheromania (Greek, ελευθερομανία) - терең, еркіндікке деген албырт ұмтылыс.
Қойылымды жасаған:
Драматург және режиссер Савва Савельев - екі рет «Алтын маска» сыйлығына үміткер. Оның «Берегите ваши лица» спектаклі 2022 жылы Ресейдегі ең әсерлі театрлардың бірі, Гоголь орталығының соңғы премьерасы болды. «Мен Марленмін» (2023) және «Секіру» (2024) спектакльдері Савельевтің еркіндік пен естелік трилогиясының екінші және үшінші бөліктері болды. Савельев Кирилл Серебренниковпен бірқатар жобаларда, сондай-ақ Данила Козловскиймен «FRANK» (2024) музыкалық спектаклінде және Ингеборга Дапкунайте «Sveiki Sulauk,» спектаклінде автор және режиссер ретінде жұмыс істеді. Оның әрбір жұмысы - еркіндік манифесі, адамның өз болмысын сақтауының маңыздылығы туралы жан айқайы.
Екатерина Варнава - теледидар жұлдызы, «Comedy woman» шоуының негізін қалаушылардың бірі және Ресейде әйелдер стенд-ап өнерін дүрліктірген тұлға. Театр және кино актрисасы Малая Броннаядағы театрдың екі спектаклінде («Бульба.Пир» 2020-2021, «Платонов Болит» 2021-2022), сондай-ақ Crave «Абсолютті Нага» театр-кабаре спектаклінде басты рөлді ойнады, ол Екатеринаның керемет харизмасының арқасында аншлагтармен жүзден астам рет көрсетілді.
Семен Штейнберг - Гоголь орталығының жетекші актерлерінің бірі, Кирилл Серебренниковтың «Кішкентай трагедиялар», «Кафка», «Палачи» спектакльдерінде жетекші рөлдерді ойнаған. «Ұстаушылар» сериалында, Кирилл Серебренниковтың «Тұмауратқан Петровтар» фильмінде, Андрей Смирновтың «Француз» фильмінде мінсіз ойнады. «Мен Марленмін» спектаклінде әп сәтте Жан Габен, Константин Паустовский, американдық хирург немесе ауылдық жігіт Тиш болып шыға келіп, Семен Штейнберг өзінің мың тұлғалы актер атағын растайды.