Google ad services
Подарочный сертификат

Менің Алматым – менің тарихым

«Менің Алматым – менің тарихым» атты көрме Алматы қаласы тарихының музейі мен «SPACE Multimedia» галереясының қала күні мерекесіне орай ұйымдастырған, алғашқы бірлескен жобасы. Көрмеге қолдау көрсеткен халықаралық Dentons заңгерлік фирмасы.

Көпшілік көрермендерге Алматы қаласы тарихының музейі қорындағы 35 мыңнан астам рухани мәдени және материалдық ескерткіштер жинағынан құралған жәдігерлер көрсетіледі. Көрме негізін Алматы қаласы мен Жетісу аймағының ежелгі кезеңі мен қазіргі уақытқа дейінгі аралығын қамтитын біргей фотосуреттерден тұрады.

«Менің Алматым – менің тарихым» атты көрменің мақсаты: қала туралы білімімізді насихаттау, өзіміз тұрып жатқан қаламызға деген сүйіспеншілігімізбен, мақтанышымызды арттыру, мегаполистің өткені мен болашағына құрметпен қарау. Қаламыздың даму тарихындағы фотосуреттерде заманның маңызды оқиғалары мен тарихи деректері айқын көрініс тапқан. Көрмеде қаланың қоғамдық – саяси және мәдени өмірі, өнеркәсіптің дамуы, қалақұрылысы жеке топтамамен көрестілген. Алматы қаласы тарихының музейі қорынан және «Энциклопедия Алматы» web-порталынан алынған бірегей мультимедиялық көрсетілім – қала тарихына арналған шынайы танымдық-ақпараттық сабақ.

Көрме барлық отбасы мүшелері мен әр жастағы адамдарға арналған. Көрме экспозициясының ашылуы: 1 қазаннан – қазан айының ортасына дейін. 360˚SPACE Multimedia көрмесі – жас балалар мен ерескетердің білімдерін жетілдіре отырып, жақсы көңіл күй мен шабыт сыйлайды.

Билет құны: ересектерге – 1200 теңге, студенттерге, оқушылар мен зейнеткерлерге – 700 теңге. 6 жасқа дейінгі балалар және мүмкіндігі шектеулі адамдарға – кіру тегін.

Галерея күнделікті сағат 10.00-ден – 22.00-ге дейін, үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді. Мекен – жайы: Алматы қ., «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығы, галерея 360˚SPACE Multimedia.