Сіздер әңгімелейсіздер. Біз ойнап береміз
Қойылымның кейіпкерлері дәл көрермендердің өздері болмақ. Сіздердің жеке бастарыңыздан өткен оқиғаларды АсАбАлАр психологиялық плейбек-театры қойып беретін болады. Қойылым жеке сіз туралы болып, сіздің қатысуыңызбен жүзеге асады.
Бұл қалай жүзеге асырылады?
Бәрі сіздің қойылымға келуіңізден басталады. Алдын ала оқиға, әңгімені дайындаудың еш қажеті жоқ. Ең бастысы дәл сол сәтте өнерден ләззат алу.
Сізді кештің жүргізушісі таңдап, қарсы алып, хәл-жағдайыңызды сұрайтын болады. Плейбектің жүргізушісі көрермен мен әртіс арасындағы байланыстырушы тұлға болады.
Алдымен біз қарапайып әрі қысқа оқиғаларды қойып, ойынға кірісе бастаймыз. Көңіл күйлеріңіз қалай? Дәл қазір не сенінудесіз? Осы күні сізде не қызықтар болды?
Көрермендер өздерінің оқиғаларымен бөлісіп, ал актерлер дәл сол мезетте ешбір дайындықсыз сол оқиғаны сахна төрінде ойнап беретін болады. Сахнада бірқатар жарқын, драматикалық музыкалық миниатюралар орын алмақ.
Іске кіріскеннен кейін біз үлкен оқиғаларды бастаймыз. Әңгімелеуші сахна төріне шақырылып, оның оқиғасында рөл атқаратын актерлерді таңдай алады. Қатысу міндетті емес, алайда мұндай ерекше мүмкіндікті жіберіп алмаған дұрыс. Көпшілік алдында сөз сөйлеп, сізге арнайы ойналатын миниатюраларды тамашалау орасан зор психологиялық әсер етіп, өз өзіңізді түсінуге үлкен септігін тигізетіні анық.