Войцек
Бір кедей бала болыпты, әкесі де, шешесі де өліпті, мына жарық кең әлемде жалғыз өзі қалыпты. Жалғыз қалып әке-шешесін іздейді, күн іздейді, түн іздейді, жер бетінен таппайды. Көк аспаннан іздейді, онда күлімдеген мейірімді айды көріп, соған барады. Келіп қараса, ай дегені іріп-шіріген бірдеңе. Сосын ол күнді іздеп, күнге келеді. Келсе, күн дегені солып қалған күнбағыс екен. Одан шығып жұлдыздарға бет алады. Келсе, жұлдыз дегені түйреуіштерге түйрелген кіп-кішкентай жылтырауық алтын қоңыздар екен.
Баланың қайтадан жерге қайтқысы келіп, қарап жіберсе, жер дегені төңкерілген горшок екен. Бала отыра қалып жылап жібереді. Сол отырғаннан жалғыздан жалғыз әлі отырған көрінеді, байғұс...
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Человек-паук: За пределами ...
Человек-паук: За пределами ...
Багровый рассвет (2024)
Багровый рассвет (2024)
Формула 1 (2025)
Формула 1 (2025)