ВОЙЦЕК

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры

«ВОЙЦЕК»

Ол жерден таппағанын көктен іздеп көріп еді: ай дегені семген екен, күн дегені сөнген екен. Жұлдыздары жыпырлаған қоңыз боп, шын дегені жалған екен.

Ол көктен жерге, өзі алғаш кеткен жерге оралып еді. Жер дегені қазан екен, сол қазандай өзі де соқа басы сопайып қалған екен. Бүгін де сізге көрінген, ертең де сіз байқайтын: Жападан жалғыз көз жасына ерік берген сол жан екен.