rebranding

Көктем сулары

2017 / 2018                    Камералық зал                      V маусым

4 сәуір * сәрсенбі * 19.00

«Музыка және оның шығарушылары» топтамасы

«Көктем сулары»

(Сергей Рахманиновтың 145 жылдығына орай)

«Астана Опера» театрының Камералық залында әйгілі орыс композиторы, пианист әрі дирижер Сергей Рахманиновтың 145 жылдық мерейтойына арналған «Көктем сулары» концерті өтеді.

Сергей Рахманинов – өз шығармашылығында Петербор және Мәскеу композиторлық мектептерінің ұстанымын біріктірген музыкалық символизм ағымының өкілі.

Оның музыкалық мұрасының әйгілі болуы соншалық, композитордың туындылары ХХ ғасырдағы көптеген кеңес және батыс кинотаспаларында орындалып келеді: «Рапсодия» (АҚШ, 1954), «Весна на Заречной улице» (1956), «Старший сын» (1976), «Поэма о крыльях» (1979) «Несрочная весна» (1989), «Руфь» (1989), «Ветка сирени» (2007) және т.б.

Оның фортепианолық туындыларымен бірге романстары да үлкен танымалдылыққа ие. Олардың көпшілігі ХІХ – ХХ ғасыр аралығындағы орыс ақындарының (А.Пушкин, А.Кольцов, А.Фет, А.Толстой, Ф.Тютчев, А.Блок, С.Надсон және т.б.) өлеңдеріне жазылған. Рахманиновтың вокалдық шығармашылығы эмоциялық ашықтығымен, шынайы әрі қарапайым сипатымен ерекшеленеді. Чайковский сияқты, Рахманинов та ең алдымен мәтіннің негізгі көңіл-күйін сақтап, оны жарқын әуенмен жеткізуге тырысты. Сөзге деген ұқыпты әрі зейінді көзқарасының арқасында композитор заманындағы асқақ әрі талғампаз мәдениет тереңіне қанық болды. Рахманинов романстарындағы фортепианолық сүйемелдеу түрлерінің айрықша молдығымен, бейнелілігімен және сан алуандығымен ерекшеленеді.

«Көктем сулары» концертінде опера солистері мен танымал қазақстандық аспапшы музыканттардың орындауында композитордың романстары мен Элегиялық триосы шырқалады.

 

Орындаушылар:

Айзада Капонова, халықаралық байқаулардың лауреаты (сопрано)

Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Мақпал Бекмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

Асқар Мұқанов, халықаралық байқаулардың лауреаты (виолончель)

Балжан Сапарова, халықаралық байқаулардың лауреаты (флейта)

 

Фортепиано партиясында – Раушан Бескемпірова, халықаралық байқаулардың лауреаты

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады