Көктем сулары

2022 / 2023           К.Байсейітова атындағы Камералық зал            X маусым

4 сәуір * сейсенбі * 19.00

 

«РАХМАНИНОВ-ТРИБЬЮТ»

фестивалі аясында камералық музыка кеші

«Көктем сулары»

(композитордың 150 жылдығына орай)

 

Бірінші концерт

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Биыл әлемдік музыка қауымдастығы кемеңгер пианист әрі композитор Сергей Рахманиновтың 150 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтуде.

Ұлы орыс композиторы, пианист және дирижер Сергей Рахманиновтың мерейтойына арналған «Рахманинов-трибьют» фестивалінің концерттер сериясын «Астана Опера» театрының опера солистері, оркестр әртістері және шақырылған музыканттардың қатысуымен камералық-вокалдық музыка кеші ашады.

Жоба авторы, дирижер әрі фестивальдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.

Бағдарламада композитордың «жан сырын ашуы» деп аталып кеткен камералық шығармалары мен романстары.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Жамиля ЖАРҚЫМБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Гүлмира ҮМБЕТОВА (сопрано)

Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)

Артур ҒАБДИЕВ (тенор)

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Мақпал БЕКМАҒАМБЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

Асқар МҰҚАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (виолончель)

Анатолий ЯКУШКИН (контрабас)

Балжан САПАРОВА (флейта)

Алтай ҚҰСАЙЫНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (фортепиано)

Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Ольга КАМИНСКАЯ (фортепиано)

 

БАҒДАРЛАМА:

С.Рахманинов.

Фортепиано, скрипка және виолончельге арналған №1 элегиялық трио соль минор, ор.34

Виолончель мен фортепианоға арналған соната соль минор, ор.19

Скрипка мен фортепианоға арналған романс, ля минор

Скрипка мен фортепианоға арналған элегия

Контрабасқа ыңғайланған вокализ

Виолончель мен фортепианоға арналған «Шығыс биі» пьесасы ор.2, №2

Вокалдық шығармалар