Scorpions в Алматы

Көктемгі көңіл-күй

2022/2023           Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал         Х маусым

29 сәуір * сенбі * 18.00

 

«FORTE-TRIO шақырады» топтамасы

 

Концерт

«Көктемгі көңіл-күй»

 

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының FORTE-TRIO ҚР мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында «Көктемгі көңіл-күй» концертін ұсынады.

FORTE-TRIO ұжымының барлық музыканттары – танымал әртістер, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

FORTE-TRIO аспаптық музыка сүйер қауымды өз өнерлерімен үнемі қуантудан танған емес және жаңа бағдарламада Я.Сибелиус, И.Брамс, П.Чайковский, М.Глинка, С.Танеев және де басқа композиторлардың камералық шығармаларын ұсынады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«FORTE TRIO» ҚР мемлекеттік триосы, құрамы:

Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано)

Мақсат ЖҮСІПОВ (скрипка)

Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель)

 

Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.