rebranding

Верди Верди жайында

2016 / 2017                    Камералық зал            IV маусым

23 маусым * жұма * 19.00

Шоу

«Верди Верди жайында»

(«Verdi legge Verdi»)

Массимилиано Финадзер Флори (Италия)

2017 жылғы 23 маусымда ЭКСПО-2017 аясындатеатр, философия мен әдебиеттің орындаушылық өнермен ұштасқан жаңа форматтарын ұсынған итальяндық драматург, актер және режиссер Массимилиано Финадзер Флоридің қатысуымен «Верди Вердижайында» аттытамаша шоуды ұсынады.

Массимилиано Финадзер Флори – итальяндық жетекші актерлердің бірі, АҚШ, Азия және Еуропада өтетін 50-ден астам спектакльге қатысушы. Олардың ішіндегі ең танымалдары: «Борхес айнасы» (2007), «Людвиг ван Бетховеннің есту қабілеті» (2008), «Густав Малердің уақыты» (2010), «Некелескендер» (2011), «Пиноккио» (2012), «Ғажайып кешкі футурист» (2013), «Леонардо да Винчи кейпінде» (2014), «Верди Верди жайында» (2016) және т.б.

Бұл жобада Массимилиано Финадзер Флори көрермендерге Джузеппе Вердидің өмірбаянынан бірегей маңызды сәттерді бірінші тұлға атынан баяндайды (актер портреттік гримді пайдаланады). Сахнада Верди өз өмірі туралы: ерте балалық шағынан бастап, өсиетінен алынған үзінділерге дейін түбегейлі әңгімелейді. Көрермен Вердидің музыкамен және Вагнермен, Арриго Бойто тәрізді либретто әншілерімен арақатынасы жөнінде білетін болады, жас композиторлар мен әншілерге деген кеңестер, өнер, театр, музыка, мәдениет туралы ой-пікірлерін тыңдайды. Бұл – тоғыз эпизодқа бөлінген ұлы композитордың өмір оқиғасы, ал олардың арасында оның ең әдемі музыкасы орындалады.

Концертке сопрано және оркестр әртістері (ішекті аспаптар квартеті) қатысады. Фортепиано партиясы – Мәдениет қайраткері Елена Сахно.

Бағдарлама:

«Травиата». Прелюдия. 1 бөлім, 2 көрініс

«Отелло». Прелюдия

«Дон Карлос». «Ella giammai m'amo». 4 бөлім

«Риголетто». «Caro nome»

«Отелло». «Dio mi potevi scagliar». 3 бөлім, 3 көрініс

«Макбет». 3 бөлім, 1 көрініс

«Набукко». «Va pensiero» 

«Травиата». «Sempre libera»

«Аида». Прелюдия

«Риголетто», «La donna è mobile». 3 бөлім

«Травиата»,  «Parigi, o Cara»

Реквием.  Lacrymosa – «О Libera me Domine»

«Фальстаф», «Tutto nel mondo è burla». 3 бөлім, 2 көрініс

«Аида» операсынан триумфальді марш

 

Концерт ағылшын және орыс тілдеріндегі субтитрлармен сүйемелденеді.

Концерт ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады