«Тамаша төрттік және рояль»

Kazakh quartet музыканттары камералық музыка жауһарлары – чех композиторы Бедржих Сметананың Ішекті аспаптар квартеті мен Роберт Шуманның Фортепианолық квинтеті шырқалатын «Тамаша төрттік және рояль» концертін ұсынады.

Чех композиторы Бедржих Сметананың «Менің өмірімнен» ішекті аспаптар квартеті (1876) – чех өнерінің тағдырымен ұштасқан өз ғұмыры туралы әңгіме. Квартеттің әрбір бөлімінде автордан бағдарламаға түсініктеме беріледі. Үмітке толы жастық шақ, «өмірлік күреске» дайындық, көңілді күндер, салондардағы билер мен музыкалық импровизациялар туралы естеліктер, алғашқы махаббаттың ғажап сезімі және «ұлттық өнер жолына қуанышпен көз салу». Ішекті аспаптар квартетінің төртінші бөліміне бірінші скрипканың орындауында ұзақ ойналатын жоғары ми нотасы енгізілген, ол композитордың құлағында қалған тоқтаусыз зыңылға ұқсайды (1874 жылы Сметана есту қабілетінен айырылған).

Квартет төрт бөлімнен тұрады:

Allegro vivo appassionato.

Allegro moderato à la Polka

Largo sostenuto.

Vivace.

Өзінің алғашқы әрі жалғыз ішекті аспаптар квинтетін Роберт Шуман 1842 жылы жазды. Ми-бемоль мажордағы квинтеттің фортепианолық партиясы Клара Шуманға арнап жасалған – бұл партия өз заманының осынау атақты пианисіне әбден лайық. Туындыда құштарлыққа толы екпінділік қалыптың сымбаты мен тепе-теңдігімен үйлесім тапқан, онда халықтық сипаттағы тақырыптар аз емес. Квинтетте көптеген драмалық, тіпті каһармандық сәттер бар, ал кейбір тұстарда, әсіресе финалда Людвиг ван Бетховеннің шығармашылығымен де үндестік сезіледі. Фортепианолық квинтет ми-бемоль мажор Роберт Шуманның шын мәнінде ең шабытты камералық туындыларының бірі болып саналады. Ол тек форманың дәлдігімен ғана емес, сонымен қатар ой тереңдігімен де қайран қалдырады.

 

БАҒДАРЛАМА:

Б.Сметана. №1 ішекті аспаптар квартеті, ми минор

Р.Шуман. Фортепианолық квинтет, ми-бемоль мажор, оp. 44

1. Allegro brillante

2. In modo d`una marcia. Un poco largamente - Agitato

3. Scherzo. Molto vivace - Trio I - Trio II - L`istesso tempo

4. Allegro, ma non troppo

Клара Шуманға арналған

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Еркебұлан Сапарбаев (бірінші скрипка)

Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (екінші скрипка)

Дархан Садуақасов (альт)

Ермек Құрманаев (виолончель)

Фортепиано партиясы – Зарина Бимендинова  

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.