rebranding

«Кешкі турне» «В ожидании Годо» (дипломалды көрсетілім)

Илья Бобков шеберханасының («Turan Film Academy» жоғары мектебі) 3 курс актер-студенттері сіздердің назарларыңызға екі бір актілі дипломалды қойылымдарын ұсынады:

• Сэмюэль Беккеттің пьесасы бойынша «Годоны күту»

Басты кейіпкерлер Владимир мен Эстрагон өздерінің барлық мәселелерін шешетін Годо мырзаны күту үстінде. Тек кім не күтетінін ешкім білмейді.

Ұзақтығы: 1 сағат.

• Антон Финктің пьесасы бойынша «Кешкі турне»

Төрт әйел өздерін бақытты және алаңсыз сезіну үшін жылына бір рет  бас қосады екен. Бірақ бұл жолы олардың жыл сайынғы рәсімі ойдағыдай болмай қалады.

Ұзақтығы: 1 сағат.