Scorpions в Алматы

Швеция және финляндия музыкасының кеші

2016 / 2017                    Камералық зал            IV маусым

3 маусым * сенбі * 18.00

Швеция жәнефинляндия музыкасының кеші

Концертте швециялық кеш барокко композиторлары, Финляндия композиторлық мектебінің классиктері, сонымен қатар қазақстандық авторлар туындылары шырқалады.

Концертке «Астана Опера»Камералық оркестрі қатысады.

Дирижері – МатсЛильефорс.

Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (скрипка).

Матс Лильефорс – Швеция Корольдік камералық оркестрінің бас дирижері, «Король сарайындағы музыка» фестивалі және Корольдік Балтық фестивалінің көркемдік жетекшісі. Мемлекеттік Эрмитаж оркестрінің бірінші шақырылған дирижері болып табылады.

Мюнхен филармониялық оркестрі, Бавария Мемлекеттік опера оркестрі, Мәскеудегі Үлкен театр оркестрі, Италиядағы Парма операсы, Санкт-Петербург филармониясының академиялы симфониялық оркестрі, Неапольдегі «Сан-Карло» оркестрі, Эстония мемлекеттік симфониялық және Латвия филармониялық оркестрлері, Концертферайн Вена оркестрі, Мәскеу камералық оркестрі және басқа ұжымдармен бірге өнер көрсетті.

Оның басшылығымен Биргит Нильссон, Николай Гедда, Джеймс МакКракен, Барбара Бонней, Йозеф Сук және басқа да атақты музыканттардың қатысуымен концерттер өтті. Жас дарындарға үлкен қызығушылық таныта отырып, дирижер өз фестивальдерінің едәуір бөлігін арнайды.

Оның дискографиясында Швеция, Нидерланды, Ресей және Жапонияда жазылған 40-тан астам дискілер бар.

Бағдарлама:

Иоганн Гельмих Роман (1694-1758).  «Дроттнингхольм сарайыының музыкасы»

Армас Ярнефельт (1869-1958). Прелюдия жәнеБесік жыры

Хабибулла Сетек (1958). Скерцо

Вильгельм Стенхаммар (1871-1927). Скрипка мен оркестрге арналған екі сентиментальді романс, op.28

Даг Вирен (1905-1986). Ішекті аспаптарға арналған серенада, op.11

Ян Сибелиус (1865-1957). Анданте фестиво

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады