ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Камералық музыка кеші

Камералық музыка кеші

Сипаттама

«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Камералық музыка кеші

Меруерт Карменова

(скрипка, Бельгия)

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

«Опералия» халықаралық фестивалі аясында «Астана Опера» театрының Камералық залында Бельгияда тұратын танымал қазақстандық скрипкашы, халықаралық байқаулардың лауреаты Меруерт Карменова өнер көрсетеді.

Қазақстанда бес жасынан бастап музыкамен айналыса бастаған Меруерт Карменованың мансабы сәтті болды. Ол Гнесиндер атындағы арнайы музыкалық мектепті, кейін П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. Ол көптеген беделді халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған, соның ішінде Мәскеуде Д.Ойстрах атындағы скрипкашылар байқауы (2007, 2013), Астанадағы скрипкашылар байқауы бар (2008); Санкт-Пельтенде Л.Бетховен атындағы VI халықаралық скрипкашылар байқауының жеңімпазы атанған (Австрия, 2010). 2022 жылы Меруерт беделді музыкалық сайыстардың бірі Познаньда Генрик Венявский атындағы ХVI халықаралық скрипкашылар байқауында Екінші сыйлықты және Кароль Шимановскийдің туындысын үздік орындағаны үшін Арнайы сыйлықты иеленген.

2018 жылдан бері скрипкашы Огюстен Дюменің жетекшілігімен Бельгиядағы Елизавета патшайымның Музыкалық капелла резиденциясының әртісі.

БАҒДАРЛАМА:

1-бөлім

Э.Григ. Скрипка мен фортепианоға арналған №2 соната, соль мажор, ор.13

Э.Изаи. Скрипка мен фортепианоға арналған №12 элегиялық поэма

Г.Венявский. Скрипка мен фортепианоға арналған №1 концертттік полонез, ре мажор, op. 4

П.И.Чайковский. Сентименталды вальс

2-бөлім

А.Вивальди. Скрипка мен оркестрге арналған «Жыл мезгілдері» концерттер топтамасы

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Меруерт КАРМЕНОВА, халықаралық байқаулардың лауреаты (скрипка, Бельгия)

Мадина ТАКЕЕВА (фортепиано)

«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер Айдар ӘБЖАХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Камералық залы)

  • Күні

    5 шілде, 2024

  • Уақыты

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 5
    Шілде
    Жұм
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 4000
    бастап 4000