rebranding

Концерт Аспаптық премьералар кеші

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

2020 / 2021                    Камералық зал            VIII маусым

14 мамыр * жұма * 19.00

Концерт

Аспаптық премьералар кеші

Qazaq Quintet үрлемелі аспаптар музыканттары сирек орындалатын шығармалардан тұратын мазмұнды бағдарлама ұсынбақ. Олардың орындауында неміс композиторлары – «веналық классик» Людвиг ван Бетховен (1770–1827) және Мюнхен композиторлық мектебінің өкілі, ұстаз Людвиг Тюйенің (1861–1907) екі ірі камералық шығармасы шырқалады.

Концертте жас музыканттармен қатар камералық орындаушылықтың тарланы – пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев өнер көрсетеді.

 

БАҒДАРЛАМА:

Людвиг ван Бетховен. Кларнет, валторна, фагот, скрипка, альт, виолончель және контрабасқа арналған септет, ми-бемоль мажор, op.20

Adagio - Allegro con brio

Adagio cantabile

Tempo di menuetto

Tema con variazioni: Andante

Scherzo. Allegro molto e vivace

Andante con moto alla marcia - Presto

 

Людвиг Тюйе. Фортепиано мен үрлемелі аспаптар квинтетіне арналған секстет, си-бемоль мажор (1888), op.6

Allegro moderato

Larghetto (E major)

Gavotte. Andante, quasi Allegretto (G minor)

Finale. Molto vivace

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Тимур УРМАНЧЕЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

 

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Дияр ҚАСЕНОВ (скрипка)

Гүлнара ТІЛЕУҒАБЫЛОВА (альт)

Бақытжан ЖАНТҰРҒАНОВ (виолончель)

Анатолий ЯКУШКИН (контрабас)

Дәулет СЕЙДАХМЕТОВ (кларнет)

Владимир АРДАШЕВ (фагот)

Қалқаман ДҮЙСЕМБАЕВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (валторна)

 

Qazaq Quintet құрамы:

Жанар ЖЫЛТЫРКӨЗОВА (флейта)

Лилия АБДРАХМАНОВА (гобой)

Дәулет СЕЙДАХМЕТОВ (кларнет)

Шернияз НАЗАРОВ (фагот)

Қалқаман ДҮЙСЕМБАЕВ (валторна)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут