rebranding

Француз музыкасының кеші «LA VIE EN ROSE»

vecher-frantsuzskoy-muzyki-la-vie-en-rose2020

Өтетін орны: «Qazaqstan» ОКЗ, Мәңгілік ел, 10/1

Өтетін күні: 26 ақпан

Басталуы: 17:00

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

 

Қазақ музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын белгілі француз әндері мен атақты француздық мюзиклдердің хит туындыларын тыңдауға шақырамыз.
Бұл таптырмас мүмкіндікті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі, талантты әнші Гүлнәр Көшенова ұсынады. Жас әншінің «La vie en rose» концертінде белгілі француздық әндердің жаңаша үні естіліп, романтикаға толы Франция мәдениеті жақын бола түспек. 
Гүлнәр Көшенова «Х-фактор», «Қазақстан дауысы», «Top jargan» сынды белгілі тележобалардың финалисі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты ретінде танымал. Әншінің репертуарында поп-музыка, джаз, ретро, этника және романс бағытындағы туындылар үйлесім тапқан. 
«La vie en rose» концерті «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен және белгілі музыкант-мультиинструменталист Әділжан Толықпаевтың қатысуымен өтеді. 
Француз музыкасына арналған концертте Мирей Матье, Эдит Пиаф, Джо Дассен, Ив Монтан, Изабель Жеффруа (Zaz) сынды атақты әртістердің әндері, танымал кинофильмдер мен мюзиклдердің композициялары француз және қазақ тілдерінде орындалады.