БАЛЕТ КЕШІ 2 бөлімді
БАЛЕТ КЕШІ
екі бөлімді
Раймондо Ребектің How Long Is Now? бір бөлімді балеті
__________________
В.А.Моцарттың музыкасына Иржи Килианның хореографиясындағы «Кіші өлім» және «Алты би» бір актілі балеттері
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі
Дирижер – Элмар БӨРІБАЕВ
Спектакльді жүргізуші режиссерлер – Алтынғаным АХМЕТОВА, Айнұр ХАЛЕЛОВА
HOW LONG IS NOW?
(«Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?»)
Бір бөлімді балет
Неміс хореографы Р.Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балеті – бұл уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау.
Өмірдің сан алуан кездерінде Қазіргі сәт қанша уақытқа созылуы мүмкін? Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәңгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін... Өмірдің азабын тартқан адамдар мен рахатын көргендер үшін уақыттың ағымы әрқалай сезіледі.
Бүгін – бұл ертеңгі күн үшін өткен шақ, себебі қазір ғана орын алған жайт әп-сәтте кешегіге айналады. «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» деген сауалға Льюис Кэрролдың «Ғажайыптар еліндегі Алиса» ертегісіндегі басты кейіпкердің ұқсас сұрағына берілген Қоянның жауабы дәл келеді: «Қазіргі сәт, мәңгіліктей, кейде көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді».
Р.Ребектің балетінде бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды.
Қойылымда М.Рихтер, Г.Эскот, Э.Боссо, О.Арнальдс және «1+1» фильміне арналған саундтрек авторы ретінде айрықша танымалдылыққа ие болған Л.Эйнаудидің, сондай-ақ «Les Tambours du Bronx» («Бронкс барабандары») тобының музыкасы пайдаланылған.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Уақыт – Арман УРАЗОВ
Бозбалалық шақ – Алина ЗЫРЯНОВА, Данияр ЖҰМАТАЕВ
Жастық шақ – Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Олжас ТАРЛАНОВ
Кемелденген шақ – Әсел ШӘЙКЕНОВА, Жақсылық САУҚЫМБЕКОВ
ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:
Қоюшы хореограф – Раймондо Ребек
Сценография (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Виктор Караре
Жарық бойынша суретші – Карло Черри
Костюмдер бойынша суретші (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Арасель Досмұратова
_________________
В.А.Моцарттың музыкасына Иржи Килианның хореографиясындағы бір бөлімді балеттер
«КІШІ ӨЛІМ»
«Кіші өлім» балеті 1991 жылы В.А.Моцарттың қайтыс болғанына 200 жыл толуына орай Зальцбург фестиваліндегі көрсетілім үшін В.А.Моцарттың музыкасына (екі фортепианолық концерттің баяу бөліктеріне) құрылған.
«Кіші өлім» атауының мәні терең әрі ауыспалы мағынаға ие (метафоралық). «Кіші өлім» деп француздар тәндік ләззаттың шарықтау шегін атайды, алайда Килианды бейкүнә жанасудан бастап, денелердің құмарлықпен шырмалуына дейінгі махаббат қатынастарының көптүрлілігі әсерлендіреді.
Көпішілікке арналған медитациялық композициялардан туындаған алты адажио – керемет музыкалық негіз бен нәзік пластиканың таңғажайып қосылысынан туған жауһар. Денелер серіктестердің жанасуына және музыканың тынысына мойынсұнады, махаббат дуэльдері сызық желілерінің күрделі графикасымен сызылған.
Мұнда махаббат пен ажал қол ұстасып өтеді. Балетті алты әйел мен алты ер адам орындайды. Биші ерлердің қолдарында біресе өткір рапиралар, біресе жалаңаш әйел денелері. «Кіші өлімдегі» дуэттер сезімталдыққа толы, алайда Иржи Килиан бұл ретте тәндік махаббат тақырыбына басымдық бермейді: керісінше, оның хореографиясының таңғажайып жарасымдылығы дуэттердің көзге анық көрініп тұрған тартымдылығының заттылығын, ал эротизмнің өзінің бірмәнділігін жоғалтуына әкеледі. Килианның осы балетін сыншылардың «үздік үлгідегі махаббат лирикасы» деп атауы кездейсоқтық емес.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Гүлназ ЖАНАЕВА, Амир ХВАН
София ӘДІЛХАНОВА. Ислам ҚАЙЫПБАЙ
Шұғыла ӘДЕПХАН, Арман УРАЗОВ
Аделина ТУЛЕПОВА, Серік НАҚЫСПЕКОВ
Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ
Еркежан ЖҮНІСОВА, Жәнібек АХМЕДИЕВ
ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:
Қойылым концепциясы, хореография, сценография – Иржи Килиан
Хореографтың ассистенті – Стефан Жеромски
Костюмдер дизайны – Йоуке Виссер
Жарық дизайны – Иржи Килиан
Жарық дизайнын іске асыру – Юп Каборт
Жарық бойынша суретші және қойылым бөлігінің меңгерушісі – Юст Бигелар
Фортепиано партиясы – Сұлтан Ибрагимов
* * *
«АЛТЫ БИ»
«Алты би» балетін Иржи Килиан 1986 жылы – барша әлем Вольфганг Амадей Моцарттың 230 жылдығын атап өтіп жатқан кезеңде шығарған. Бұл хореографтың «Ақ-қара балеттер» деп аталатын топтамасына енетін ең танымал комедиялық балеттердің бірі болса керек (ең алдымен, безендірілудің қысқа да нұсқа түстер гаммасы ойға келеді). Сол сәттен бастап осы туынды – сұранысқа ие қойылымдар қатарында.Иржи Килианның классикалық «қағида» аясынан алшақтаған өзіндік айрықша мәнері бар. Ол дененің физикалық мүмкіндіктерінен гөрі адам болмысының тереңдігін зерттейтін хореограф-философ беделіне ие және таңғаларлық музыкалық қабілетімен даңқы шықты (Рудольф Нуреевтің айтуынша, оның «құлағы алтын», себебі ол кез келген музыкадан қимыл-қозғалысты, биді естиді). Бүгінде заманауи балеттің чехиялық кемеңгері, би әлеміндегі Пикассо – Иржи Килианның би композицияларын сахналау құқығына ие болу үшін әлемнің көптеген елдері таласқа түсуде.
«Моцарт өзінің «Алты биін» жазған кез бен біздің заманымызды екі ғасыр бөліп тұр. Бұл соғыстар, көтерілістер және түрлі әлеуметтік күйзелістерге толы тарихтың елеулі бір аралығы. Осыны ескере отырып, мен композитордың әзіл-сықағы мен музыкалық әсемдігін ғана бейнелейтін қандай да бір би нөмірлерінің қатарын жасау дұрыс емес деп есептедім де, мұның орнына бір қарағанда мәнсіз болып көрінетін әрі айналамыздағы болмысқа сәйкес келмейтіні айдан анық алты композицияны қойдым.Сондай күрделі де тынымсыз бола тұра, түсініксіз себептермен әрқайсымыздың жан дүниемізден орын алған әлемнің алдында олар өте кішкентай болып көрінеді.
Әйтсе де, Моцарттың «Алты биінің» ойын-сауық жағы кең танымалдыққа ие болғанымен, оларды әзілге теңестірудің қажеті жоқ. Шығарманың әжуалығы құндылықтарымыздың салыстырмалылығына нұсқайтын құрал ретінде пайдаланылған».
Иржи Килиан
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Карин – Лимара АЙДАРОВА
Пол – Олжас ТАРЛАНОВ
Каролина – Мәдина ҚҰЖАМЖАРОВА
Йохан – Александр КОРНИЛОВ
Лиза – Мөлдір ШӘКІМОВА
Патрик – Нима ТОКОВ
Нэнси – Камилла ОРМАНОВА
Урци – Айбар ТОҚТАР
ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:
Хореограф – Иржи Килиан
Хореографтың ассистенті – Ширли Эссебум
Сценография мен костюмдер – Иржи Килиан
Жарық – Иржи Килиан (концепция)
Жарық дизайнын іске асыру – Юп Каборт
Жарық бойынша суретші және қойылым бөлігінің меңгерушісі – Йост Бигелар
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді