rebranding

Балет кеші «Армандар орындалады»

2022 / 2023           Үлкен зал            Х маусым

11 сәуір * сейсенбі * 19.00

 

 

Балет кеші

«Армандар орындалады»

 

Ұзақтығы – 2 сағат

 

11 сәуір театрдың Үлкен залында «Армандар орындалады» балет кеші өтеді. Концерттің атауы оның мақсатын дәл айқындайды: жас әртістер өздері армандаған партияларда сахна төріне шығу мүмкіндігіне ие болады. Өз кезегінде, көрермендерге болашаққа көз тастап, ертеңгі жетекші солистермен танысу бағы бұйырады. Жастар үшін бұл – өздерін жетілдіруге ынталандыру, ал оларға өнер көрсету кезінде танымал әртістер көмектеседі.

Кеш бағдарламасының бірінші бөлімінде – классикалық мұрадан па-де-де, сондай-ақ заманауи хореографтардың қойылымдарынан миниатюралар мен үзінділер; екінші бөлімінде А.Хачатурянның «Спартак» балетінің бірінші актісі ұсынылады.

 

 

Балет труппасының көркемдік жетекшісі –

Алтынай АСЫЛМҰРАТОВАРесейдің Халық әртісі