rebranding

БАЛЕТ КЕШІ: Гала-балет және How long is now? бір бөлімді балеті

БАЛЕТ КЕШІ

екі бөлімді

Гала-балет

_________________________

How long is now?

Р.Ребектің бір бөлімді балеті

Екі бөлімнен тұратын бағдарламада «Астана Опера» театры балет әртістерінің орындауында – классикалық балеттерден па-де-де, заманауи отандық және шетел хореографтарының миниатюралары және Раймондо Ребектің бір бөлімді How long is Now («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») балеті қойылады.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі

Дирижер – Элмар БӨРІБАЕВ

Спектакльді жүргізуші режиссерлер – Алтынғаным АХМЕТОВА, Айнұр ХАЛЕЛОВА

How long is now?

(«Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?»)

Бір бөлімді балет

Қоюшы хореограф – Раймондо Ребек

Сценография (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Виктор Караре

Жарық бойынша суретші – Карло Черри

Костюмдер бойынша суретші (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Арасель Досмұратова

Неміс хореографы Р.Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балеті – бұл уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау.

Өмірдің сан алуан кездерінде Қазіргі сәт қанша уақытқа созылуы мүмкін? Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәңгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін... Өмірдің азабын тартқан адамдар мен рахатын көргендер үшін уақыттың ағымы әрқалай сезіледі.

Бүгін – бұл ертеңгі күн үшін өткен шақ, себебі қазір ғана орын алған жайт әп-сәтте кешегіге айналады. «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» деген сауалға Льюис Кэрролдың «Ғажайыптар еліндегі Алиса» ертегісіндегі басты кейіпкердің ұқсас сұрағына берілген Қоянның жауабы дәл келеді: «Қазіргі сәт, мәңгіліктей, кейде көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді».

Р.Ребектің балетінде бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды.

Қойылымда М.Рихтер, Г.Эскот, Э.Боссо, О.Арнальдс және «1+1» фильміне арналған саундтрек авторы ретінде айрықша танымалдылыққа ие болған Л.Эйнаудидің, сондай-ақ «Les Tambours du Bronx» («Бронкс барабандары») тобының музыкасы пайдаланылған.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.